Ғылым қорында Қазақстан мен Оңтүстік
Корея ғалымдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан құрметті қонақтардың қатарында Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің президенті, профессор Донг Хван Ким, профессор, халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Чихом Хван, профессор, халықаралық колледж деканы Сонгман Юн, профессор, халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Кван-Дон Ким, халықаралық қатынастар басқармасының үйлестірушісі Томас Юнгчун Ким болды. Қазақстан тарапынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты.
Ғылым Қорының Басқарма төрағасы Камиль Акатов Қордың қызметі туралы айтып, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ коммерцияландыруды басқару саласындағы реттеуші ортаны дамыту, Deep Tech жобаларын венчурлық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржы құралдарын дамыту мәселелері талқыланды.
Корея тарапы Кореяның ұлттық зерттеу Қоры мен Ғылым қоры арасында серіктестік байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.
Екі тарап ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады және одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын анықтады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.