Елімізде жыл сайын атмосфераға 2,5 миллион тоннадай зиянды заттар шығарылады. Республика бойынша 10 қалада ауаның ластану көрсеткіші тым жоғары.

Ғалымдардың талай жылғы ізденісі өз нәтижесін берді. Арнайы сүзгіші бар қондырғы бүгінде қолданысқа енді.

«Хабар 24» арнасының “Экосана” бағдарламасында Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институтының техника ғылымдарының кандидаты Болатбек Құсайын бастаған ғалымдар тобының ғылыми әзірлемесі – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көліктердің улы газ түріндегі қалдықтарына арналған көп деңгейлі каталитикалық сүзгілер тұралы сюжет шықты.

Айта кетерлік жәй, ғалымдар ҚР ҒЖБМ Ғылым қоры грантының арқасында өз ғылыми жобасын жүзеге асырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.