⚜Обырдың лазерлік терапиясы, мобильді экзороллер және басқа да жобалар Ғылым қоры АМУ алаңында ұйымдастырған MedTech Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды

Астана медицина университетінің базасында ұйымдастырылған Ғылым қоры алаңында ғалымдар медицина саласындағы ғылыми шешімдерді ұсынды.

Іс-шара Астана медицина университетінің базасында ұйымдастырылып, ғылыми әзірлемелер мен коммерциялық сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ медицина саласындағы перспективалы жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

Бизнес өкілдері мәмілелер жасау және коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына одан әрі қатысу мақсатында Астана медицина университетінің инновациялық әзірлемелерімен танысты.
Ұсынылған жобалардың ішінде – «Обырдың лазерлік терапиясы», «BeeFitoOil» емдік-профилактикалық жақпа майы, «BeeFly» табиғи сусыны, экзороллер – оңалтудың мобильді құралы, уран өндіретін өңірлердің тұрғындарын дозиметрлік бақылау жүйесі, мектептегі тамақтануға арналған «KERIK» құрғақ киселі және «Densaýlyq plus». Бұл әзірлемелердің барлығы коммерцияландыруға дайын аяқталған ғылыми зерттеулер болып табылады.

Іс-шараның ашылуында Ғылым қоры басқармасының төрағасы Камиль Ақатов Қордың гранттық бағдарламасының негізгі талаптары туралы баяндап, медициналық технологияларды қолдау және нарыққа шығару үшін 350 млн. теңгеге дейін қаржыландыру алу мүмкіндіктері туралы айтып берді
«ЭкзоРоллер» жобасының авторы Изат Досов аяққа арналған тренажер орнатылған, автоматты тіктеу функциясы бар роботталған электр арбасын ұсынды. Құрылғы инсульт, омыртқа жарақаты және басқа да ауруларға шалдыққан мүмкіндігі шектеулі пациенттерге арналған. Команда жобаны одан әрі дамыту үшін гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуды жоспарлап отыр.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынылған шешімдерді одан әрі коммерцияландыру үшін ғалымдар мен бизнес арасында ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.