Құрметті конкурсқа қатысушылар!

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында сағат 15.00-де “Ғылым қоры” АҚ cізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беру үшін ZOOM форматында онлайн-консультация өткізеді. Барынша ашықтықты қамтамасыз етуге және сізге қажетті барлық ақпаратты бөлісуге тырысамыз. Төмендегі сілтеме арқылы онлайн қосылсаңыз болады: https://us06web.zoom.us/j/81814646195?pwd=oS7uaqRBBLPNnQChkCAKeIOjbrwMHM.1

Идентификатор конференции: 818 1464 6195 Код доступа: 117393

2025-2027 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының 05.09.2024 жылғы №/9072 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы  7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 11-тармағымен көзделген өтінімдерді пысықтау мүмкіндігі беріледі.

Сіздерге 2024 жылғы қараша айының 15-19 жұлдызы аралығында (3 жұмыс күні ішінде) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін 2025-2026 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға берілген өтінімдерге пысықтау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Өтінімдер «Пысықтауда» мәртебесімен «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы пысықтауға жіберілетін болады.

Өтінім мәртебесінің өзгеруін қадағалау мақсатында «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде жоба басшысының электрондық поштасы мен жеке кабинетін тексеру қажет.

Пысықталған өтінімдерді қайта беру уақытының аяқталуы – 2024 жылғы 19 қараша 23 сағат 59 минут (Астана қ. уақытмен) болып табылады.

Сіздің назарыңызды келесіге аударамыз:

– автоматтандырылған ақпараттық жүйеде өтінімге өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістер Word форматында өтінімде дәл көрсетілуі тиіс және керісінше;

– пысықталған өтінімдерді алған кезде «ҰМҒТСО» АҚ бұрын көрсетілген ескертулерді жоюға тексеру жүргізеді. Ескертулер жойылмаған жағдайда өтінімге сараптама жүргізілместен өтінім берушіге қайтарылады;

– пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін берілген өтінімдер (2024 жылғы 19 қараша, 23 сағат 59 минут) толық пысықталмаған болып есептеледі және көрсетілген ескертулерді жоюға тексеру жүргізбестен Тапсырыс берушіге қайтарылады.

Конкурсқа қатысушылардың өтінімді пысықтау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

– «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде көрсетілген сәйкессіздіктермен танысу;

– көрсетілген сәйкессіздіктерді жою;

– жоба басшысының ЭЦҚ көмегімен өтінімге қайта қол қоюы;

– ұйымның бірінші басшысының ЭЦҚ көмегімен өтінімге қайта қол қоюы, одан кейін өтінімге «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәртебесі «Берілді» деп өзгертіледі.

Өтінімдерді пысықтау мәселелері бойынша кеңес беру келесі нөмірлер бойынша жүзеге асырылады: +7 (727) 355-50-02 (ішкі 205, 208, 209, 212, 220, 222, 224, 227

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.