info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

⚜Астанада тау-кен байыту өнеркәсібі бағыты бойынша ғылыми-инновациялық Хакатон өтті

Тау-кен байыту саласы бойынша ғылыми-инновациялық Хакатон ғылыми қауымдастық, өндіріс және басқару салаларының өкілдерін бір платформада жинап, KAZ Minerals тобы кәсіпорындары үшін ғылыми-технологиялық шешімдерді бірлесіп іздеу және әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушыларды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады.

Шара барысында қатысушылар компанияның өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылап, саладағы инновацияларға бағытталған негізгі бағыттарды анықтады.

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов атап өткендей: «Ғылыми-инновациялық хакатон барысында KAZ Minerals тобымен бірге бірнеше ғылыми-инновациялық тақырыптар анықталды. Ғылымның күші нақты қолданбалы кәсіпорындардың қажеттіліктерін шешуге бағытталды. Хакатон қорытындысы бойынша ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын жақсарту, жаңа өнімдер өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілету, сондай-ақ ұлттық экономика тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру және экспорттық шешімдер үшін жаңа механизмдер мен тәсілдер әзірленеді.

Хакатон қазіргі мәселелермен қатар тау-кен байыту саласының болашағына да назар аударды. Қатысушылар геологиялық барлау, өндіру, байыту, экология, қауіпсіздік техникасы және өндірістік процестерді жақсартуға арналған цифрлық мониторинг жүйелері бойынша зерттеулерін ұсынды.

Ғылыми-инновациялық хакатонды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және KAZ Minerals тобы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.