Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің ғылыми-техникалық жобалар конкурсына өтінімдерді қабылдау ашылды
ШЫҰ елдерінің бірлескен ғылыми-техникалық жобаларының халықаралық конкурсына қатысуға алдын ала өтінімдерді қабылдау ашылды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 маусымға дейін
Қатысушылар: Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Пәкістан Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен ЖОО-дары. Әр ел жобаның өз бөлігін қаржыландырады.
Байқаудың негізгі кезеңдері:
Бірлескен хабарландыру: 2025 жылғы 14-20 сәуір
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау: 2025 жылғы 30 маусым
Өтінімдер тізімдерімен алмасу: 7 шілде 2025 ж
Тәуелсіз Ұлттық сараптама
Сараптама нәтижелерімен алмасу
Жобаларды бірлесіп іріктеу
Жеңімпаздарды жариялау
Бірлескен жобаларды іске асыру: 2026 жылғы қаңтар-2028 жылғы желтоқсан
Қарсы әріптестермен бірлесіп пысықталған ғылыми жобалар бойынша алдын ала өтінімдерді белгіленген мерзімде келесі электрондық поштаға жолдауды сұраймыз d.sekerbaeva@sci.gov.kz
Жобаның атауы, қатысушы ұйымдар мен жоба жетекшілері қатысушы елдерден берілетін барлық өтінімдерде бірдей болуға тиіс.
Жобаны қаржыландыру барлық ережелер мен конкурстық рәсімдерге сәйкес 2026 – 2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша жүзеге асырылатынына назар аударамыз.
ШЫҰ шеңберінде бірлескен конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сілтеме: https://docs.google.com/document/d/18LWGFy6bvqL9OYdX698cZkjLnmJLyHXg/edit?usp=sharing&ouid=107724314113349739343&rtpof=true&sd=true