Horizon Europe ұлттық үйлестіру орталығы

2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті “Ғылым қоры” акционерлік қоғамын Қазақстандағы Ғылым және инновациялар жөніндегі Еуропалық Одақтың (бұдан әрі – ЕО РП) негіздемелік бағдарламаларының ұлттық үйлестіру орталығы ретінде белгіледі (27.04.2023 ж. №62-нж бұйрығы).

Horizon Europe – ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қаржыландырудың маңызды құралы және Еуропалық Одақтың тоғызыншы негіздемелік бағдарламасы. Бағдарламаның бюджеті 2021-2027 жылдар аралығында €95.5 млрд құрайды.

 

Сыни металдарды барлау және өндіру технологиялары саласындағы Воркшоп

Қазақстандағы Horizon Europe ұлттық үйлестіру орталығы “Ғылым қоры” АҚ 2023 жылғы 5 қыркүйекте Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің алаңында ой-талқы форматында бірінші Horizon Europe воркшобын өткізді. Воркшоп Horizon Europe бағдарламасымен ұсынылған келесі жобалық ұсыныстарды талқылауға және әлеуетті қатысуға арналды:

– Шикізатты жеткізу тізбегіндегі қосымша тексеруге қойылатын талаптарды есепке алу;

– Терең жерасты кен орындарында маңызды шикізат материалдарын барлау;

– Маңызды шикізат материалдарын өндіру және қайта өңдеу технологиялары.

Мақсатты аудитория: Семинар университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіптік және бизнес ұйымдарының, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындар мен стартаптардың, сондай-ақ маңызды шикізат материалдарын барлау, өндіру және өңдеу технологиялары саласындағы басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін жинады.

Воркшоптың мақсаты: Воркшоп әлеуетті қатысушыларға өздерін, сыни металдарды барлау және өндіру технологиялары саласындағы тәжірибелері мен мүдделерін көрсете алатын, сондай-ақ Horizon Europe бағдарламасы үшін сенімді және тиімді жобалау ұсыныстарын әзірлей алатын платформа құру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі қорытындылары: Воркшоп табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласында жобалық ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін платформа құра отырып, өз мақсаттарына сәтті қол жеткізді. Қатысушылар сонымен қатар Horizon Europe бағдарламасына сәтті қатысу үшін қажетті серіктестік байланыстар мен білім алмасу үшін іс-шараның жоғары құндылығын атап өтті.

Қосымша ақпарат
Horizon-Europe бағдарламасы
27.04.2023 №62-нж бұйрығы

 

Семинар жазбалары мына сілтеме арқылы қолжетімді https://www.youtube.com/@user-oh2og4kn9w

 

Егер сізде Horizon Europe бағдарламасы бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, бізге E-mail арқылы хабарласыңыз: Horizon.europe@science-fund.kz