Кездесуге Қытай технологияларды тарату орталығының жетекшісі Чжао Чжунъюань, орталықтың Қазақстандағы ресми өкілі Саханов Абай, сондай-ақ орталықтың серіктестері – Цай Цзянсон, «Neutron System» Ltd. директоры, Микулинская Наталья, «Tehnoinfo» Ltd. бас директоры, Кузнецов Артем, «Tehnoinfo» Ltd. директоры және «Ғылым қоры» АҚ басшылығының өкілдері қатысты. Қонақтар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығының қызметі, «Tehnoinfo» Ltd., «Neutron System», Ltd. жұмыстар саласындағы жетістіктерімен таныстырды. ҚХР Сыртқы істері, ҚХР Ғылым және технология министрлігі және Циндао округінің үкіметінің қолдауымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының ҚХР Премьер-Министрі Ли Кэцянның 2020 жылғы тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 10 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығы құрылды. «Tehnoinfo» Ltd. – ТМД елдеріндегі аналитикалық, зертханалық және технологиялық жабдықтарды жеткізуші, қазақстандық технологияларға, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының нарығына жылжытуға мұқтаж. «Neutron Systems» Ltd. жаңа энергия көздері нарығын зерттеуге мүдделі және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін іздейді. Кездесу барысында тараптар технологияларды коммерцияландыру мүмкіндігіне қатысты мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде Қазақстан мен Қытайдың іскер топтары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірінші кезекте инновациялық технологияларды енгізу, Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылым объектілерінің өзара іс-қимылын талқылады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытайдың өндірістік инфрақұрылымдық нысандарымен, ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға инвестициялау, Қытай нарығына шығуға шешім қабылдаған қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету және т.б. Іс-шара соңында Ғылым қоры мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.