А, О және Азия 1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйелердің отандық өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру.
- Тамыз 12, 2024
Жоба нөмірі | DP21681664 |
Жоба атауы | А, О және Азия 1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйелердің отандық өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру. |
Өтінім беруші | “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС |
Грант алушы | “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС |
Жекеше әріптес | “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС |
Іске асыру мерзімі | 2023 -2025 |
Іске асыру орны (қала/облысы) | Алматы облысы |
Сала | Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу |
Іске асыру мәртебесі | Іске асырылуда |
Жобаның мақсаты | Нарықты отандық биопрепараттармен қамтамасыз ету үшін А, О және Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтау үшін өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және реагенттер жиынтығын іске асыру. |
Жобаның сипаттамасы | Жоба бойынша зерттеулер біздің еліміз үшін өзекті мәселе – ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру есебінен диагностикалық препараттардың отандық өндірісін ұйымдастыруға арналған. Бүкіл әлем бойынша аусыл ауруының өршуінің артуы, шекаралас елдердегі және Қазақстандағы тұрақсыз эпизоотиялық ахуал, сондай-ақ тиімді күрес шаралары мен диагностика құралдарының болмауы осы жобаны әзірлеу мен іске асыруға негіз болды. Жоба аясында келесі препараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру жоспарланған: 1. Иммуноферменттік талдау әдісімен А типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы. 2. Иммуноферменттік талдау әдісімен О типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы. 3. Иммуноферменттік талдау әдісімен Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы. Отандық диагностикалық препараттар өндірісін ұйымдастыру шет елдерден тест-жүйелер импортынан бас тартуға мүмкіндік береді, шет мемлекеттердің нарықтарына шығудың нақты перспективасы пайда болады, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарады және мемлекеттің биологиялық қауіпсіздігін нығайтуға лайықты үлес қосады. |
Сайт | https://mvagroupkz.tilda.ws/ |
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі | Иммуноферменттік талдау әдісімен А типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге Иммуноферменттік талдау әдісімен О типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге Иммуноферменттік талдау әдісімен Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге |
Жоба командасы (Т.А.Ә.) | Орынбаев Мухит Бармакулы Давлятшин Тимур Ильфритович Намет Айдар Мырзахметұлы Хайруллин Берик Мухитович Абельдинов Ерлан Гинаятович |