Қазақстанның табиғи шикізатынан иммуномодуляциялық және вирусқа қарсы препараттарды өндіруді және коммерцияландыруды ұйымдастыру 

Жоба нөмірі DP21681468
Жоба атауы Қазақстанның табиғи шикізатынан иммуномодуляциялық және вирусқа қарсы препараттарды өндіруді және коммерцияландыруды ұйымдастыру
Өтінім беруші Жеңіс Жанар
Грант алушы «JPlant BioMed» ЖШС
Жекеше әріптес «Herbal VitaTech Group» ЖШС
Іске асыру мерзімі 2023-2025
Іске асыру орны (қала/облысы) Алматы
Сала Денсаулық сақтау
Іске асыру мәртебесі Іске асырылуда
Жобаның мақсаты Осы коммерцияландыру жобасы аясында Қазақстанда өсетін дәрілік және жеуге жарамды өсімдіктерінің бірнеше түрінен тұратын түйіршіктер мен капсулалар түріндегі мульти-табиғи қоспалар жасалады.
Жобаның сипаттамасы Осы коммерцияландыру жобасы шеңберінде Қазақстанда алғаш рет иммунитетті нығайтуға, бауырға, сондай-ақ тұмау вирусына, ЖРВИ-ге қорғаныш әсеріне баса назар аудара отырып, профилактикалық және емдік қасиеттері бар, Қазақстанда өсетін дәрілік және жеуге арналған өсімдіктердің бірнеше түрінен тұратын түйіршіктер мен капсулалар түріндегі табиғи қоспалар жасалды. Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді қолдану тәжірибесі олардың арзандығына, ағзаға кешенді емдік әсеріне және жанама әсерлерсіз ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігіне байланысты кеңейіп келеді. Дәрілік өсімдіктер кейбір синтетикалық дәрі-дәрмектерді сәтті алмастыра алады. Бұдан басқа, отандық ББҚ өндірісі Қазақстан Республикасында импортты алмастыратын дәрілік заттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сайт әзірлеуде
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі 1. Түйіршік түріндегі иммуномодуляциялық қоспа – 5400 теңге;
2. Капсула түріндегі иммуномодуляциялық қоспа – 4000 теңге;
3. Түйіршік түріндегі вирусқа қарсы қоспа – 5400 теңге;
4. Капсула түріндегі вирусқа қарсы қоспа – 4000 теңге.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Жеңіс Жанар;
2. Абирзаитова Меруерт Оразовна ;
3. Талипова Гульбану Окаповна;
4. Нурлыбекова Алия Кайратовна;
5. Әмзеева Ұлпан Мансурханқызы ;
6. Мұрай Ақмейір.