«Мед365 медициналық тексерулердің автоматтандырылған жүйесі» стационарлық терминалының өндірісін ұйымдастыру
- Наурыз 26, 2024
Жоба нөмірі | DP21681805 |
Жоба атауы | «Мед365 медициналық тексерулердің автоматтандырылған жүйесі» стационарлық терминалының өндірісін ұйымдастыру |
Өтінім беруші | « «XYZ» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС |
Грант алушы | «Med365» ЖШС |
Жекеше әріптес | «Med365» ЖШС |
Іске асыру мерзімі | 26 ай |
Іске асыру орны (қала/облысы) | Астана |
Сала | Цифрландыру |
Іске асыру мәртебесі | Іске асырылуда |
Жобаның мақсаты | “Med365 медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі-АСМО Med365)” стационарлық терминал өндірісін ұйымдастыру; – MED365 АСМО енгізу және сервистік қызмет көрсету; – Медицина қызметкерінің кабинетінде медициналық тексерулер мен нәтижелердің тарихын талдау және қадағалау процесін жақсарту. – Өнімді шығару және сату, оның ішінде экспортқа шығару. |
Жобаның сипаттамасы | MED365 медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі – түрлі кәсіпорындардың қызметкерлеріне ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыруды жүргізуге көмектеседі. Med365 тонометрмен, термометрмен, алкотестермен және пупиллометрмен жабдықталған. Жүйеде алынған деректер негізінде аналитиканы қамтамасыз ететін және денсаулық проблемалары туралы сигнал беретін жасанды интеллект бар. Оның көмегімен қызметкерлердің қан қысымын, дене температурасын, импульсті өлшеу, алкогольді тұтыну фактісін анықтау, денсаулық шағымдарын жинау арқылы инсульт қатерін және тағы да басқа аурулардың алдын алуға болады. |
Сайт | https://www.med365.info/ |
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі | Med365 медициналық тексерулердің автоматтандырылған жүйесі стационарлық терминалының бағасы- 7 000 000 теңге |
Жоба командасы (Т.А.Ә.) | Шәкенов Асхат Ғазизұлы; Қуанбаева Айман Жұманазарова; Рычков Роман Николаевич, Омарбеков Олжас Нұрланұлы; Хасанова Татьяна Павловна. |