«Horizon Europe» ғылым және инновация бойынша ЕО негіздемелік бағдарламаларының Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі мәртебесінде Ғылым қоры Еуропалық Одақ тарапынан тәлім алды.
Бағдарлама қазақстандық ғалымдарға, жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарына тек халықаралық қаржыны тартуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық консорциумдар аясында озық технологияларды бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми және бизнес ұйымдары үшін бірқатар ақпараттық сессиялар өткізіліп, «Цифрландыру, өнеркәсіп және ғарыш» 4 кластеріне қатысудың барлық аспектілері бойынша нұсқаулық, практикалық ақпарат және көмек көрсететін бас құрылым болып табылатын NCP4Industry-мен серіктестік орнатылды. Бұл бағыт үкіметаралық келісімдерде бекітілген негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Horizon Europe аясында барлық басқа салаларда осындай серіктестік келісімдерін жасау жоспарлануда. Аса маңызды металдар саласындағы шешімдер іздеу үшін Ұлыбритания мен Нидерландының жетекші сарапшыларының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Бұл жұмыс 2024 жылы жалғасады.
Айта кетсек, «Horizon Europe» – Еуропалық Одақтың ғылыми-зерттеу және инновациялар бойынша жетекші бағдарламасы. Жалпы бюджеті шамамен 100 миллиард еуроны құрайтын және 2021 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтитын ол әлемдегі ең ірі ғылыми зерттеулер және инновациялық қаржыландыру бағдарламасы.
«Horizon Europe» – Еуропаның ғылыми зерттеулер, инновация және технологиялық дамуын қолдауға және ынталандыруға бағытталған бағдарлама. Оның негізгі мақсаты – ғылымның әр түрлі салаларындағы зерттеулерді, соның ішінде іргелі зерттеулерді, технологиялық әзірлемелерді, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге, экономикалық дамуға жәрдемдесу және жаңа жұмыс орындарын құру үшін өнеркәсіпте инновацияларды ынталандыру, озық технологияларды дамыту, стартаптар мен шағын және орта кәсіпорындарды қолдау болып табылады. Бағдарлама қаржылық қолдау көрсетіп, Еуропада және одан тыс жерлерде ортақ ғылыми және инновациялық мақсаттарға жету үшін ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, компаниялар және басқа да мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады.
«Horizon Europe» бағдарламасына қатысу үшін қазақстандық ғалымдар бірнеше кезеңнен өту керек: конкурстық құжаттама, шарттар, өтінім және жобаларды ұсыну мен іріктеу процесі. Бағдарламаға сонымен қатар, бизнес және өнеркәсіптік ұйымдар, стартаптар қатыса алады.
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Ақатов атап айтқандай, бағдарлама әсіресе өндіру мен өңдеудің жаңа технологиялар салаларында, алмастыру және қайта өңдеудің жаңа технологиялары, соның ішінде көміртекті аз технологиялар мен үдерістерде зерттеулер мен инновацияларды қолдауға бағытталған.
«Осыған орай, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдық берулері тиіс. Осы мақсатқа жету үшін халықаралық деңгейде өзекті болып табылатын жобаларды талдау және іріктеу, сондай-ақ халықаралық бағдарламаларға өтінімдерді бірлесіп беру үшін қазіргі серіктестермен ынтымақтастықты дамытумен қоса, құзырлы кадрларды тарту және оларға жағдай жасаумен бірге ұйымның халықаралық гранттарға қатысуына байланысты талаптар қою қажет», – деп атап өтті Камиль Ақатов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.