ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ: ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры ғылым және жаңа технологиялар саласындағы мемлекеттік ұйымдармен және ғылыми-технологиялық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуде.
Қазақстандық делегация АҚШ-қа сапары аясында Ұлттық ғылым қорының, Джордж Вашингтон университетінің, Бостон университетінің, Джордж Мейсон университетінің, Миссури университетінің, Америка университетінің, Халықаралық білім жөніндегі Америкалық кеңестің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстандық сарапшылар АҚШ-тағы технологияларды коммерцияландыруды үкімет деңгейінде басқару жүйесін зерделеу үшін Ұлттық ғылым қорының мемлекеттік бағдарламалар менеджерлерімен кездесті. Сарапшылар университет деңгейіндегі коммерцияландыруды басқару жүйесімен танысу үшін Джордж Мейсон университеті ұйымдастырған воркшопқа қатысты.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізу инфрақұрылымын қаржыландыру жөніндегі «AcceleratingTranslation Research» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары талқыланды. Жергілікті ғылыми мекемелердің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайту және инфрақұрылымын дамыту мақсатында бағдарламаны Қазақстанда бейімдеу үшін білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Sayasat Nurbek