Жоба жетекшісі: Данияров Кайрат, коммерциялық директор, +77018858889.
ҒҒТҚН атауы: «Аурулардың алдын алу және өмір сүру кезеңіне байланысты тамақтануды оңтайландыру есебінен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жүйесін әзірлеу және енгізу».
Жобаның сипаттамасы: «Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында «Эко кафе-асхана» форматындағы салауатты қоғамдық тамақтану өндірісін ұйымдастыру».
Бәсекелестік артықшылығы: Ингредиенттер мен дайын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі, тамақтану туралы мобильді қосымшасы бар дәрігер-диетологтың жеке кеңесі.
Коммерциялық ұсыныс:
- Қоса қаржыландыру шарттарында ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа бірлесіп қатысу.
- Үстеме пайдадан үлестің 30%-зы шартында біз әзірлеген технологияны енгізу
- Лицензиялық шарт жасау