2023 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Ғылым қоры» АҚ-ын Қазақстандағы Еуропалық Одақтың (ЕО) Horizon Europe Ғылым және инновациялар жөніндегі негіздемелік бағдарламаларының Ұлттық үйлестіру орталығы (ҰҮО) ретінде тағайындады (27.04.2023 жылғы №62-нж бұйрығы).
Horizon Europe – 2021-2027 жыл аралығына €95.5 миллиард бюджеті бар ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыруға бағытталған ЕО-тың тоғызыншы негіздемелік бағдарламасы.
ҰҮО қызметінің негізгі бағыттары:
Тренингтер мен семинарлар: Медицина, тұрақты энергетика, цифрландыру және ғарышты қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар бойынша 8 семинар және 2 воркшоп өткізілді.
Ақпараттық сессиялар: Horizon Europe қатысу және өтінімдерді қабылдау ережелері бойынша сессияларды ұйымдастыру.
Жобаларды қолдау және дамыту: Жобаларды сүйемелдеуге жәрдемдесу және серіктестерді іздеу.
Ғылыми және бизнес-ұйымдардың әріптестігі: Ғылыми және кәсіпкерлік ұйымдар арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту.
Қосымша ақпарат
Егер сізде Horizon Europe бағдарламасы бойынша қосымша сұрақтарыңыз туындаса, бізбен horizon.europe@science-fund.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласа аласыз.
Бірлескен іс-шаралар: бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу.
Ғылыми және бизнес-ұйымдардың әріптестігі: ғылыми және кәсіпкерлік ұйымдар арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту.
Жобаларды жылжыту: Қытай мен Қазақстанның нарықтарына жобаларды ілгерілету
Шанхай ғылым және технологиялар алмасу орталығы
14 қазанда Ғылым қоры Шанхай ғылым және технологиялар алмасу орталығымен келесі қызмет бағыттарын қамтитын өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды:
Бірлескен іс-шаралар: бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу.
Ғылыми және бизнес-ұйымдардың әріптестігі: ғылыми және кәсіпкерлік ұйымдар арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту.
Жобаларды әзірлеу және дамыту: Қазақстан мен Қытай арасындағы жасыл технологиялар саласындағы жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық
Қызметтің негізгі бағыттары:
Тренингтер мен көрмелер: Білім және тәжірибе алмасу үшін тренингтер мен халықаралық көрмелерді ұйымдастыру.
Тревел гранттар: Ғылыми сапарлар мен зерттеулерге арналған гранттар.
Horizon Europe шеңберіндегі бірлескен жобалар: Horizon Europe бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларға қатысу.