конкурсты өткізу туралы хабарландыру2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсClick Hereкоммерцияландыру реакторыҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру операторыТОЛЫҒЫРАҚКОММЕРЦИЯЛАНДЫРУҒА ДАЙЫН ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕ БАР МА?Өнертабыс питчке жазылу
Previous
Next

Ғылым қоры Қор туралы Басшылық

Ашкин Арман Айтуғанұлы

Туған жылы — 1988, Павлодар облысы.

2012 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Кореяның ғылым мен технологияның жоғары институтын (KAIST, Оңтүстік Корея) бітірді.

Еңбек жолын «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бастап, 2012–2016 жылдар аралығында маман, бас маман, шетелдік сарапшылармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2016–2019 жылдары «Ғылым қоры» АҚ-да сарапшы, жобалар үйлестірушісі, жобалық дирекцияның директоры болды.

2020–2023 жылдары «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ жанындағы Инновациялық қызметті дамыту бойынша талдау орталығының директоры қызметін атқарды.

2023 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2023–2025 жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылғы мамыр айынан бастап «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы.

Ашкин Арман Айтуғанұлы
Басқарма төрағасы

Аймақов Сұлтанбек Жаңабекұлы

1978 жылы 07 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз), Академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы экономист.

Еңбек жолын 1999 жылдан бастады.

2009 жылға дейін мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2009-2011 жж. «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Экономика және қаржы департаментінің аға, жетекші, бас менеджері болды.

2011-2015 жж. «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Экономика және қаржы департаментінің директоры.

2015 жылғы наурыздан 2016 жылға дейін – «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2016-2017 жылдары – «Ғылым қоры» АҚ жобалау дирекциясының директоры.

2017 жылғы шілдеден 2019 жылғы қарашаға дейін – «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2021 жж. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ вице-президенті.

2021 жылғы сәуірден 2024 жылғы сәуірге дейін – «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Qazaq Independent Directors сертификатталған сарапшысы болып табылады.

Түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалары, «Ерен еңбегі үшін» сыйлықтары мен құрметті атақтары, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамоталары бар.

Аймақов Сұлтанбек Жаңабекұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары

 

Елшибеков Ренат Бейбитұлы

«Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Білімі мен тәжірибесі:

  • 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін Машина жасау мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен аяқтаған;

  • 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті академик Е.А. Букетов атындағы экономика және бизнес мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған;

  • 2017 жылы Қарағанды Сәгинов атындағы техникалық университетін «Металлургия» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек тәжірибесі:

  • 2020-2021 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ғылыми жобалар мен бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

  • 2021-2022 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Коммерцияландыру және шағын гранттар басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

  • 2022 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Коммерцияландыру және шағын гранттар басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

  • 2022-2024 жж. – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Коммерцияландыру және шағын гранттар басқармасының басшысы, Астана қаласы;

  • 2024-2025 жж. – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ғылыми жобалар мен бағдарламалар басқармасының басшысы, Астана қаласы;

  • 2025 жылғы қыркүйектен бастап – АҚ «Ғылым қоры» Басқарма Төрағасының орынбасары.