«Ғылым қоры» Акционерлік қоғамында 2024-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында офлайн дәріс өткізілді.

Спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция департаментінің өкілі Жазира Жылқышева сөз сөйледі.

Дәріс барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Квазимемлекеттік сектордағы анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының статистикасы» слайдтары және «Балалардың болашағы – сіздің қолыңызда» фильмі көрсетілді. Жазира Жылқышева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына мысал келтіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара қызметкерлердің кәсіби қызметіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.