Ғылым қорының гранттық қаржыландыруының қолдауымен «KazNewTech LLP» ЖШС «Ағаш компоненттері негізінде композициялық материалдар өндірісін ұйымдастыру» жобасын табысты жүзеге асыруда

Жоба экологиялық және логистикалық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Олардың ішінде композиттік құрылыс материалдарының қымбаттауы, пластикалық қалдықтардың жиналуы және шикізатты ұтымды пайдалану мәселелері бар. Бұл мақсаттарға жету үшін ағаш өңдеу саласының өнімдері мен екінші реттік шикізатты қолданатын экологиялық таза өндіріс құрылды.

291 309 314 теңге көлеміндегі грант компанияға өндірістік қуатын арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта сату көлемі 328 519 264 теңгеге жетті.

Жобаның басты жетістіктері: өнімділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және өнім сапасының жақсаруы. Ғылыми-зерттеу институттары және Ғылым қорымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында компания жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Кенжәлиев Эльнар атап өткендей, технологияларды жетілдіру және Ғылым қорымен, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе жұмыс істеу барысында компания өнімдерімен байланысты қосалқы өндірістерді дамытуға жаңа идеялар пайда болды. “Қазір біз бұл идеяларды ғалымдармен бірге зеріттеп жатырмыз. Бұл композициялық материалдармен де, арнайы қаптау материалдарымен де байланысты. Егер біз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жобаларымыз коммерцияландыруға лайықты болса, Ғылым қорына қайта оралуымыз мүмкін деп үміттенеміз”, – деп атап өтті ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.