«Ғылым қорының» қолдауымен «Trenco R&D» ЖШС 0,4–35 кВ электр желілеріне арналған цифрлық қорғаныс құрылғысын жасап бітірді.

 

Бұл жоба ғылыми мүмкіндіктер мен энергетика саласын дамудың маңыздылығын көрсетеді. Жасалған құрылғы озық технологияларды пайдаланып, жан-жақты қызмет атқаруға қабілетті. Құрылғы ток өткізетін бөліктердің қызып кетуінен қорғанысты қамтамасыз етумен қоса, орнатылған доғалық қорғанысқа ие. Мұндай шешімдердің үйлесімі желілердегі апаттық жағдайлардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетуге және ақаулардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

 

Ғылым қоры өзекті мәселелерді шешуге және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ететін жаңа технологияларды жасауға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастыруда.

https://www.instagram.com/reel/DEmZ2N9OBkU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.