Қарағанды облысы Жуантөбе ауылында «Ғылым қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ж.Сұлтанғазиннің қатысуымен саумал негізінде метабиотик өндірісі бойынша кәсіпорынның ашылуы өтті.

13.12.18
|
Жаңалықтар

2018 жылғы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жуантөбе ауылында «Ғылым қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ж.Сұлтанғазиннің қатысуымен саумал негізінде метабиотик өндірісі бойынша кәсіпорынның ашылуы өтті.

Жоба Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana (Өмір туралы ғылым орталығы) және «SAUMAL» сауда үйі» ЖШС жеке компаниялар ғалымдары арасындағы серіктестік негізінде іске асырылуда. Жоба ҒТҚН коммерцияландыру шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ грант қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Микроағзалардың тірі формалары негізіндегі пробиотикалық препараттармен салыстырғанда (кемінде 8-10 сағат керек) саумал негізіндегі метабиотик қабылдағаннан кейін бірден әсер етеді, себебі құрамында бактерияның белсенді метаболиттері бар, бұл сөзсіз артықшылық болып табылады. Препарат өсімдік шикізатынан жасалған капсула түрінде шығарылады, бұл оның артықшылығы болып табылады.

Кәсіпорынның ашылуына жоба басшысы Самат Қожахметов, «SaumalBioTech» ЖШС директоры Ғалымжан Мейрамбеков, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, National Laboratory Басқарушы директоры Әлия Казиева және Өмір туралы ғылым орталығы директорының м.а. Алмагүл Күшугулова қатысты.


Кері байланыс