info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің төмен әлеуетті қалдық жылуын кәдеге жарату үшін блокты-модульді жылу сорғыш қондырғысын коммерцияландыру жобасы

Жоба нөмірі 0148-17-ГК
Жоба атауы «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің төмен әлеуетті қалдық жылуын кәдеге жарату үшін блокты-модульді жылу сорғыш қондырғысын коммерцияландыру жобасы».
Өтінім беруші “Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” РМК
Грант алушы  “БМТУ” ЖШС
Жекеше әріптес “KSP Steel»  ЖШС
Іске асыру мерзімі 2017-2020 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Нұр-Сұлтан қ.
Сала Машина жасау
Жобаның мақсаты Төгінді жылуды кәдеге жарату және оны жылыту мен ыстық сумен жабдықтаудың ағымдағы мақсаттарға қайтару мақсатында KSP Steel ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорнында блоктық-модульдік жылу сорғы технологиясын коммерцияландыру.
Жобаның сипаттамасы БМЖҚ – әрқайсысының өнімділігі 200-ден 2000 кВт-қа дейінгі көп сатылы жылу сорғысы қондырғысының жеке сатысы, онда градирняларға немесе салқындатқыш тоғандарға (су айдындарына) салқындатуға түсетін металлургиялық (өнеркәсіптік) кәсіпорындардың айналымдағы және тура ағынды циклдардағы төгінді жылудың кәдеге жаратылуы жүзеге асырылады.  БМЖҚ отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, парниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтады, бұл  елдің әртүрлі аймақтарындағы экологиялық жағдайды едәуір жақсартады.
Сайт  
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Алимгазин А.Ш.