info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Қазақ тілінде оқитын ЖОО студенттері үшін латын әліпбиінде қосымша әдебиет шығару

Жоба нөмірі 188-18-ГК
Жоба атауы Қазақ тілінде оқитын ЖОО студенттері үшін латын әліпбиінде қосымша әдебиет шығару
Өтінім беруші “М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Грант алушы «ANB КАЗСТРОЙСЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2018-2021
Іске асыру орны (қала/облыс) Шымкент қ.
Сала Сапалы білім беру
Жобаның мақсаты Латын әліпбиінде тиімді және тереңдетілген білімді иегу үшін ЖОО студенттерін қосымша әдебиетпен қамтамасыз ету
Жобаның сипаттамасы Латын әліпбиін жылдам меңгеру әдістемесін анықтауды қамтитын зерттеулердің мынадай ғылыми нәтижелері алынды, қазақ, ағылшын және неміс тілдерінің фонетикалық жүйелерінің негізгі ерекшеліктері айқындалды, латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізілді. Бұл ғылыми жұмыс әдеби дереккөздердің ақпарат мазмұнын қазақ тілінен латын графикасына және басқа тілдерге көшіруге, сондай-ақ берілген ақпаратты меңгеруге көмектеседі. Жоба ЖОО студенттерін оқу бағдарламасын толық және сапалы меңгеру үшін қазақ латын графикасындағы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта білім алушыларды кітаптармен және әдебиеттермен қамтамасыз ету бойынша мемлекет деңгейінде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Оқу барысында студент қосымша әдебиеттерді қолдануға міндетті. Егер ауысу ауқымын ескеретін болса06 тек 2020 жылға дейін ол ауқымды болады. Бұл кезеңде сұраныс айтарлықтай артады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен Білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесі бекітілді. 2019 жылдан бастап жоғары оқу орындарында латын әліпбиін енгізу жөніндегі дәйекті процесс басталады: 2019 жылы – 1 курс, 2020 жылы – 2 курс, 2021 жылы – 3 курс, 2022 жылы – 4 курс. ЖОО жаңа оқу әдебиеттерімен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Техника мен технологияның дамуын ескере отырып, білім алушылар үшін латын тіліндегі қосымша әдебиеттерді қайта басып шығару және жаңарту қажет әрі сас маңызды болады. Осыған байланысты оқу пәнін тиімді меңгеру үшін ЖОО-ның техникалық мамандықтарының студенттерін қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет. 2021-2022 оқу жылына негізгі әдебиеттерден басқа, пәндерді оқу барысында қажет: тапсырмалар, анықтамалықтар, әдістемелік нұсқаулықтар және т.б. қосымша әдебиеттерге және студенттердің күнде қолданатын өздік жұмыстарын, курстық жұмыстарды, дипломдық жұмыстарын және т.б. орындау үшін қажет қосымша  әдебиеттерге сұраныс пен қажеттілік едәуір артады.
Сайт www.ukgu.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі оқу әдебиеті – 1800 тг
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Джунусбаев Серик Мутанович
Дуисебаев Шынгискан Ергалиевич
Кожамжарова Дария Пернешовна
Абдукадирова Т.Р.
Мулдахметова Жанар Искандеровна
Уалиханова Баян Сапарбековна
Байжанова Алма Амирхановна