Жоба нөмірі | 024-18-ГК |
Жоба атауы | Тиімділігі жоғары антигельминтикалық препараттар өндірісін ұйымдастыру және табиғи биоценоздағы үй және жабайы жануарлар арасында зоонозды және неғұрлым патогенді инвазияларды девастациялау үшін ғылыми негізделген іс-шараларды енгізу |
Өтінім беруші | “Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Грант алушы | “Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Жекеше әріптес | |
Іске асыру мерзімі | 2017-2020 |
Іске асыру орны (қала/облыс) | Алматы қ. |
Сала | АӨК және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу |
Жобаның мақсаты | Мақсаты – қорықтарда, ұлттық парктерде өсіріледі, хайуанаттар бағында, қаумалдарда және ҚР маралдары мен бұғыларын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарында зоонозды (празиквантел негізіндегі “ЭхиноЅТОР” препараттарын қолдану арқылы) және үй және жабайы жануарлар арасында неғұрлым патогенді инвазиялауды (фенасолды және маралдар, бұғылар және басқа да жабайы тұяқтылар үшін фенбендазол негізіндегі “Антгельминтикті” пайдаланумен) девастациялау |
Жобаның сипаттамасы | Ұсынылған жобада ветеринария және медицина саласындағы өзекті мәселелерді шешуді, жоғары әлеуметтік маңыздылықты (эхинококкозды) біріктіреді, альвеококкоз), ғылыми қамтымдылықты және жабайы фаунаның биоалуантүрлілігін сақтау тұрғысынан жобаның тартымды қаржылық көрсеткіштері қамтылған. Артықшылығы – біз шығаратын препараттардың сандық және сапалық құрамы бойынша қазақстандық нарықта тікелей бәсекеге тұрақты әзірлемелердің жоқ болуы. Айта кету керек, бұл жоба Қазақстанда алғаш рет еліміздің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету және республикамыздың қорық аймақтарында жабайы фаунаның биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында өнім мен көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыруды жүргізуді ұсынады. |
Сайт | https://www.kaz-nivi.kz/ |
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі | үй және жабайы ет қоректілердің гельминтоздарын емдеуге және профилактикасына арналған “Эхиностор” антгельминтигі, үй және жабайы тұяқтылардың гельминтоздарын емдеуге және профилактикасына арналған “Маралдарға, бұғыларға және басқа да тұяқтыларға арналған Антгельминтик” препараты және азыққа минералды қоспа ретінде және үй және жабайы тұяқтылардың гельминтоздарының профилактикасы үшін пайдаланылатын “Фенасол” кешенді препараты |
Жоба командасы (Т.А.Ә.) | Абдыбекова Аида Макеновна Баутов Ринат Ахметович Джусупбекова Нургуль Мадалыевна Биримкулов Шынгыс Маратұлы Жаксылыкова Айнур Абзалкызы БожбановБауржанЖурабекович Джунисбаева Сымбат Мелисовна |