info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Маңғыстаудың аридтік жағдайларында жасыл құрылыс, фитомелиорация және бағбандық тәжірибесінде жеміс-жидек және ағаш-сәндік өсімдіктердің көшеттерін өсірудің контейнерлік әдісі технологиясын коммерцияландыру

Жоба нөмірі 0171-17-ГК
Жоба атауы Маңғыстаудың аридтік жағдайларында жасыл құрылыс, фитомелиорация және бағбандық тәжірибесінде жеміс-жидек және ағаш-сәндік өсімдіктердің көшеттерін өсірудің контейнерлік әдісі технологиясын коммерцияландыру
Өтінім беруші ҚР БҒМ ҒК “Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы” ШЖҚ РМК
Грант алушы ҚР БҒМ ҒК “Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы” ШЖҚ РМК
Жекеше әріптес 1) “Маңғыстау-Өркен” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2) “Green World” жеке кәсіпкер
Іске асыру мерзімі 2017-2021 жылдар
Іске асыру орны (қала/облыс) Маңғыстау облысы
Сала АӨК және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Жобаның мақсаты Маңғыстау шөлінің құрғақ жағдайларында жасыл құрылыс, фитомелиорация және бағбандық тәжірибесіне жеміс-жидек және ағаш-сәндік өсімдіктердің отырғызу материалын өсірудің контейнерлік әдісі технологиясын енгізу.
Жобаның сипаттамасы Жабық тамыр жүйесімен ағаш өсімдіктерінің отырғызу (ТЖОМ) материалын өсірудің оңтайлы агротехникалық тәсілдері әзірленді.:
1)топырақ ылғалдылығының суару алдындағы деңгейін ең төменгі ылғал сыйымдылығынан (ТЫС) 70-80% шегінде ұстау,
2) өсімдік және шымтезек топырағын 1 : 1  қатынасында араластыру
3) ай сайын 75 г/м2 есебінен минералды кешенді тыңайтқышпен қоректендіру.
Сайт http://mebs.kz/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі 1. Қылқан жапырақты ағаштар-6000 теңге; 2.Жапырақты ағаштар – 2500 теңге; 3. Жеке және топтық екпелерге арналған жапырақты әдемі гүлдейтін бұталар – 2000 теңге; 4. Жасыл желекке арналған жапырақты бұталар-1 250 теңге ; 5. Шырмалған өсімдіктер ( ағаш лианалар) – 2000 теңге; 6. Сұрыптық раушандар – 1500 теңге.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Иманбаева Акжунис Алтаевна;                     2.Белозёров Иван Филаретович;                                         3. Сагындыкова Меруерт Сериковнаа;                               4. Гасанова Гульнара Гидаятовна;                                         5. Динова Гульнур Ералиевна.