info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

ҚР азық-түлік қауіпсіздігін шешу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша кешен құру

Жоба нөмірі  0335-17-ГК
Жоба атауы ҚР азық-түлік қауіпсіздігін шешу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша кешен құру
Өтінім беруші Әшіров Әбдімәлік Манапұлы
Грант алушы “Eco-Product зерттеу орталығы”ЖШС
Жекеше әріптес “Асылай-А” ЖШС
Іске асыру мерзімі 2017-2021 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Түркістан обл.
Сала АӨК және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу
Жобаның мақсаты №272 “Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының биорезонанстық активтенуін күшейту заңдылығы” ғылыми ашылуының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыратын жоғары тиімді инновациялық технологияны коммерцияландыру.
Жобаның сипаттамасы Өнімділікті 20-25%-ға арттыратын тұқымдарды егу алдында өңдеу технологиясы әзірленді. Егіс алдындағы өңдеудің қолайлы кезеңін есептеумен дақылдардың тұқымына егіс алдында электромагниттік әсер қолданылады. Құрылғыны қосқаннан кейін төмен жиілікті электромагниттік толқындар тұқымның өзіндік биоритмдерімен синхрондалады. Тұқымдар биорезонанстық активтенеді. Соның әсерінде тұқымның биологиялық белсенділігі артады. Нәтижесінде жасушалардың метаболизмі жеделдейді, өсімдіктің белсенді өсуі, қуатты тамыр жүйесінің дамуы және фотосинтездің жақсаруы қамтамасыз етіледі. Болашақта өңделген өсімдіктер минералды және азот тыңайтқыштарын жақсы сіңіреді. Нәтижесінде бұл өнімділіктің жоғарылауына ғана емес, сонымен қатар өнім сапасының жоғарылауына әсер етеді.
Сайт http://eco-pro.kz/ru
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын себу алдында өңдеу жөніндегі қызметтер. Қызмет құны бір гектар үшін 500-1500 теңге.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Әшіров Әбдімәлік Манапұлы (жоба жетекшісі);
2. Файзиев Ержан Мақсұтұлы (коммерцияландыру жөніндегі маман);
3. Солодова Елена Владимировна (аға ғылыми қызметкер);
4. Әбішева Роза Жанысбекқызы (ғылыми қызметкер);
5. Надиров Казим Садыкович (ғылыми қызметкер);
6. Оңғарбаев Ернар Сағынбекұлы (ғылыми қызметкер).