info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Сирек металды техногендік шикізаттан аммоний перренатын өндіруді ұйымдастыру

Жоба нөмірі 048-16-ГК
Жоба атауы Сирек металды техногендік шикізаттан аммоний перренатын өндіруді ұйымдастыру
Өтінім беруші “Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы”ШЖҚ РМК
Грант алушы “Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы”ШЖҚ РМК
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2016-2019 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы қ.
Сала Металлургия, металл өңдеу
Іске асыру мәртебесі инвестиция үшін
Жобаның мақсаты Сирек металды шикізаттан өнімділігі жылына 300 кг аммоний перренаты өндірісін құру.
Жобаның сипаттамасы Жобаның идеясы: сирек металды шикізатты қайта өңдеу бойынша пилоттық учаскенің негізінде дайын өнім бойынша өнімділігі жылына 300 кг аммоний перренаты өндірісін ұйымдастыру. Өндіріске пиро – және гидрометаллургиялық учаске кіреді. Пирометаллургиялық учаскеде күйдіру, балқыту, кейіннен рений концентраттарын алумен біріктіру жүргізілуі мүмкін. Гидрометаллургиялық учаске қолданыстағы технологиялар бойынша экстракциялауға жарамды өнімді рений ерітіндісін алуға арналған. Термиялық өңдеудің қажеттілігі болмаған жағдайда шикізат тек гидрометаллургиялық өңдеуге жатады.  Яғни, учаске сирек металды шикізатты қайта өңдеудің аралас схемасы бойынша, сондай-ақ қайта өңдеудің жекелеген гидрометаллургиялық схемалары бойынша жұмыс істей алады. Өндірістің алғашқы жүктемелері “ҚР МШКҚ ҰО” РМК-да бар қорғасын шламдарының негізінде жүзеге асырылады. Шикізаттың бұл түрі рений өндірісін 10-15 жылға қамтамасыз ете алады.
Сайт cmrp.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі аммоний перренаты
Жоба командасы (Т.А.Ә.)  ердикулова Ф.А.
Жарменов А.А.
Терликбаева А.Ж.
Сыдыков А.О.
Мазулевский Е.А.
Джусупов С.А.
Дагиров Т.С.