info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру үшін түйе етін қайта өңдеудің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу

Жоба нөмірі 145-16-ГК
Жоба атауы Ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру үшін түйе етін қайта өңдеудің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу
Өтінім беруші “Қаз ҰАУ” КЕАҚ
Грант алушы “Күн Нұры” ЖШС
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2016-2019 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы қ.
Сала АӨК және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу
Жобаның мақсаты Жаңадан құрылатын үлгілік шағын зауытта инновациялық қаптама – реторт пакеттерде және ламистерлік ыдыстарда  түйе етін пайдалануға дайын ет және ет – өсімдік консервілеріне өңдеуге арналған ресурс үнемдейтін ғылыми негізделген технологиялар мен рецептураларды енгізу.
Жобаның сипаттамасы Жылына 600 000 дана реторт пакеттерде және ламистерлік ыдыстарда (250гр) консерві өндіретін түйе еті мен басқа да сойылған жануарлардың етін өнеркәсіптік өңдеу бойынша, жеңсік ет және ет-өсімдік консервілерін, дайын түскі астарды өндіру үшін үлгілік шағын зауыт құрылды. Алдыңғы қатарлы, импорттық жоғары өнімді жабдықтармен жабдықталған. Консервілердің кең ассортиментіне арналған ғылыми негізделген рецептілер жасалды. Консервілердің сәйкестігі туралы Декларация, ХАССП , ҚР СТ ИСО 22000-2006 (ISO 22000:2005) және ХАЛАЛ 3:2016ж. сәйкестік сертификаттары алынды.
Сайт www.kun-nury.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Бұқтырылған ет (түйе еті) ламистерде/реторт пакетте (250 гр) – 1000 тг/дана.
Ет – өсімдік консервілері (түйе еті бар күріш, түйе еті бар қарақұмық, түйе еті бар арпа) – 850 тг/дана.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Сүлейменова Жұлдыз Маукенқызы (жоба жетекшісі);
2. Серікбаева Әсия Демеуханқызы (аға ғылыми қызметкер);
3. Ділмұхамбетов Есен Едашұлы (жетекші ғылыми қызметкер);
4. Шоман Аружан Ерболқызы (ғылыми қызметкер);
5. Шарифқанов Дулат Нығметқанұлы (коммерцияландыру жөніндегі менеджер);
6. Тәжиев Ғани Жарасұлы (инженер);
7. Шатаева Диляра Сагдуллаевна (бухгалтер-экономист).