Жоба нөмірі | 096-16-ГК |
Жоба атауы | “Галлуазитті нанотүтікшелерді пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру” |
Өтінім беруші | «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ |
Грант алушы | «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ |
Жекеше әріптес | “Пархоменко атындағы ҚМЖЗ” ЖШС |
Іске асыру мерзімі | 2016-2019 жылдар |
Іске асыру орны (қала/облыс) | Қарағанды облысы |
Сала | Металлургия және металл өндеу |
Жобаның мақсаты | Осы жобаның мақсаты белсенді заттардың бақыланып шығарылуына арналған контейнерлер ретінде галлуазитті нанотүтіктерді пайдалануға негізделген коррозияға қарсы жаңа жабындарды өндіру және енгізу есебінен қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру технологиясын коммерцияландыру болып табылады. |
Жобаның сипаттамасы | Нанотехнологияларды пайдалану есебінен қара және түсті металдардың коррозияға қарсы төзімділігін арттыру технологиясын әзірлеу және қымбат емес сазды (галлуазитті) нанотүтікшелерде стандартты қорғаныш заттарды герметизациялауға негізделген металл негізі үшін жаңа коррозияға қарсы жабындар алу. Үлкен ғылыми-техникалық перспектива беттік инженерияның салыстырмалы түрде төмен технологиялық шығындармен материалдың физикалық сипаттамасын жақсартуға және пайдаланушылық сипаттамаларын бірнеше есе арттыруға деген бірегей мүмкіндіктер беруімен байланысты |
Сайт | |
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі | «Сақтау» коррозияға қарсы жабын – 2 200 теңге/кг |
Жоба командасы (Т.А.Ә.) | 1. Исагулов А.З., 2.Куликов В.Ю., 3. Квон С.С. т.ғ.к., 4. Тажибекова К.Б., 5. Курипко С.А., 6. Щербакова Е.П., 7.Достаев А.М. |