info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ботаникалық бағының базасында Қазақстанның оңтүстігіндегі субаридтік жағдайлар үшін декоративтік дақылдардың адаптивті және стреске төзімді көшеттерін жылдамдатып өсіру

Жоба нөмірі 0305-18-ГК
Жоба атауы А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ботаникалық бағының базасында Қазақстанның оңтүстігіндегі субаридтік жағдайлар үшін декоративтік дақылдардың адаптивті және стреске төзімді көшеттерін жылдамдатып өсіру
Өтінім беруші Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Грант алушы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2018-2021
Іске асыру орны (қала/облыс) Түркістан облысы
Сала Экология
Жобаның мақсаты Оңтүстік Қазақстан және Арал-Сырдария өңірінің субаридті аудандарының елді мекендерінің осы жағдайларға бейімделген сәндік өсімдіктерді отырғызу материалымен қажеттілігін қамтамасыз ету
Жобаның сипаттамасы А.Яссауи  ХҚТУ ботаникалық бағының өндірістік питомнигінде. жыл сайын Арал-Сырдария өңірінің субаридті жағдайында өсіру үшін 80-110 мың стресске төзімді, сертификатталған ағаш және бұта өсімдіктерінің көшеттері өндірілетін болады. Стресске  төзімді және сертификатталған көшеттерді өсіру технологиясы бойынша әзірленген ұсынымдар өңірдегі тұқым өсірушілерге берілетін болады.
Ботаникалық бақ базасында тұрақты жұмыс істейтін питомник өсірушілер семинары ұйымдастырылады, бұл өңірдің питомник өсіру саласын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы жобаның нәтижелерін енгізу Оңтүстік Қазақстан мен Арал-Сырдария өңірінің халқын жоғары сапалы сәндік өсімдіктердің көшеттерімен қамтамасыз етуге және жылына орта есеппен 40,0-ден 150,0 млн. теңгеге дейін пайда алуға мүмкіндік береді.
Сайт https://botsad.ayu.edu.kz/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі сәндік өсімдіктердің жоғары сапалы сауықтырылған отырғызу материалы (24 түр: әдемі сәнағаш, ақ қараған, үш инелі тікенағаш, кәдімгі емен, әртүрлі жапырақты тораңғы, көкшіл тораңғы, Вавилон талы, күміс-ақ тал, себет талы, ақ терек, Калифорния терегі, қалақты шегіршін, тегіс шегіршін, дала қарағашы, Семенов үйеңкісі, дала үйеңкісі, кәдімгі шаған, долана, биік айлант, бұғы мүйізді сірке ағашы, виргиния аршасы, шығыс биотасы, батыс боз арша, кәдімгі қына ағашы.
Саженцы лиственных пород 200-800 тг
Саженцы хвойных пород 2,5-4 тыс тг
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Салыбекова Нурдана Нуртаевна
Юсупов Бахадир Юлдашович
Исаев Гани Исаевич
Оразбаева Орынкуль Оразбаевна
Көрсеткіштер сатылым: 21 264 900,00 теңге;
салықтар: 13 400 136,00 теңге;
жұмыс орындарының саны: 15