info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

Алғашқы отандық ламинарлы ағынды гемосорбенттердің өндірісін құру

Жоба нөмірі 0097-17-ГК
Жоба атауы Алғашқы отандық ламинарлы ағынды гемосорбенттердің өндірісін құру
Өтінім беруші ҚР БҒМ Ғылым комитетінің  “Жану проблемалары Институты” ШЖҚ РМК
Грант алушы «ЖАЛЫН» ғылыми өндірістік-техникалық орталығы» ЖШС
Жекеше әріптес «Шахар» ЖШС
Іске асыру мерзімі 2017-2021 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы облысы
Сала Денсаулық сақтау
Жобаның мақсаты Жобаның мақсаты – қанды тазартуға арналған ламинарлы ағынды гемосорбенттерді өндірудің инновациялық технологиясын коммерцияландыру. Экспорттық әлеуеті бар алғашқы отандық өнімді шығаруды ұйымдастыру.
Жобаның сипаттамасы Жаңа буынның бірегей медициналық өнімі әзірленді. Құрамы мен құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоқ.
УГ-1 гемосорбциялық колонка – полимерлі қаптамаға салынған гемосорбенттен (көміртекті кремнийі бар материалдың цилиндрлік көпарналы блогы) жасалған өнім. Гемосорбент карбондалған күріш қабығынан және байланыстырушы компоненттерден жасалған және наноөлшемді кеуекті құрылымға ие.
Сайт https://zhalynkz.com/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Гемосорбент УГ-1 – 1 данасы үшін 60 000,00 тг.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Мансуров Зулхаир Аймұхаметұлы (жоба жетекшісі);
2. Мутушев Әлібек Жұмабекұлы (коммерцияландыру жөніндегі маман);
3. Бейсенбаев Махмуд Ахмеджанович (жетекші ғылыми қызметкер);
4. Тулебаева Шолпан Алиевна (жетекші маман);
5. Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы (аға ғылыми қызметкер);
6. Мұсабаев Бекболат (жетекші маман);
7. Жұмахан Қайрат (маман).