info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қоры жылды қорытындылай келе, жыл бойы бізбен бірге болған және біздің жұмысымызға қызығушылық танытқандардың барлығына бірдей өз алғысын білдіреді. Биылғы жылы, біз, 3 жылда алғаш рет ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияладық.

Өтінімдерді қабылдау автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізілді және ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша мамандандырылған ҰҒК-нің алқалы шешімінің қорытындысы бойынша 17 млрд. теңге сомаға                  68 жоба анықталды.

Ғалымдардың құзыреттіліктерін арттыру үшін ғалымдарға арналған 13 семинар, бизнес үшін 17 іс-шара, 3 TCP – коммерцияландыру алаңы өткізілді. 120-дан астам өтінім берушіге кеңес берілді. Жалпы, 2850 адамның қатысуымен шамамен 33-ке жуық іс-шара өткізілді.

3 технологияларды коммерцияландырудың Реакторы өткізілді, оның ішінде Назарбаев Университетімен, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП бірлесіп өткізілді. Реакторлардың қорытындысы бойынша 33 жоба презентацияланды. Олардың ішінде 12-сі конкурсқа өтінім берді, оның 7-і 331,5 млн мөлшерінде (жобалардың жалпы сомасы – 1, 989 млрд теңге) қоса қаржыландыру сомасына ҰҒК-мен мақұлданды, 4 жоба алдын ала қоса қаржыландыру сомасы 300 млн. теңгеден астам өз әлеуетті бизнес серіктестерін тапты.

Ғылым мен бизнесті интеграциялау мақсатында Ғылым қорының бизнес-серіктестер клубы – ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі отандық бизнес өкілдерінің қауымдастығы құрылды. Клубта бүгінгі күнде 160 қатысушы, оның ішінде 30 лицензиат, 52 инвестор, материалдық-техникалық базасы бар 48 бизнес-серіктес, 30 ментор бар.

2018 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша 151 жобаны ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс құрылды.

Жобаларды ілгерілету бойынша қызметкерлер салалық Көрмелерге қатысты.  Коммерцияландыру жобаларының Витринасы әзірленді.

Ғылым қоры кәсіби меритократия, кадрлардың ішкі ротациясы қағидатын ұстанады. Осылайша, компанияда білім мен тәжірибені бетке ұстау қағидаты бойынша тағайындаулар болды. Тағайындалған қызметкерлердің осы жүйеде жинақтаған көп жылдық тәжірибелері бар, сондай-ақ олар қарапайым менеджерден бастап басқарушы лауазымға дейін еңбек жолын өткендер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.