info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Гендер ата-анадан ұрпаққа берілетін ағзалардың тұқым қуалаушылық белгілерін анықтайды. Адам геномының шифрын ашу ХХ ғасырдың нағыз серпілісі болды: әлем берілген «кодтың» әрқайсысымызға қалай әсер ететіні туралы білді.

Енді біздің де Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары ұсынған генетикалық тестілеудің кең ауқымынан таңдау мүмкіндігіміз бар. Генетикалық тестілеу денсаулық жағдайын ерте диагностикалауға мүмкіндік береді. Мысалы, терапияны дербес жоспарлауды, алдын алу әдістерін жеке таңдауды, ауруларды анықтау мен емдеуді, кәсіптік және экологиялық қауіп факторларына жеке сезімталдықты анықтауды қамтиды. Сонымен қатар, генетикалық зерттеулердің нәтижелері денсаулық пен сұлулықты сақтауға, ең қолайлы фитнес бағдарламаларын оңтайландыруға, ересектер мен балаларға спорттық бағытты таңдауға және т.б. көптеген мүмкіндіктерді береді.

Бұл жоба «Ғылым қоры» АҚ конкурстары арқылы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қолдауының арқасында іске асты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.