info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қоры ғылыми-технологиялық хакатондарды өткізу бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс органы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-мен кездесуге қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2024 және 2025 жылдары Қазақстанның негізгі қалаларында бірқатар технологиялық сессиялар (хакатондар) өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл іс-шаралар ғылыми-инновациялық ортаны дамытуға және ғылыми қоғамдастық пен өнеркәсіп арасында тиімді байланыстар жасауға бағытталған.

Хакатондар білім мен тәжірибе алмасу платформасы болып табылады. Хакатон барысында зерттеушілер, инженерлер және бизнес өкілдері өндірістік сектордың нақты міндеттері үшін өздерінің инновациялық шешімдерін ұсына алады.

Бұған дейін қазақстандық ғалымдар “Қазақмыс”, “Алюминий Қазақстан” ERG АҚ және “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК “АҚ сияқты ірі кәсіпорындар үшін тәжірибелік шешімдерді табысты ұсынды, бұл өзара іс-қимылдың осы форматының жоғары нәтижелілігін көрсетті.

Болашақта бұл тәжірибені одан да көп компанияларды тарта отырып және өндірістік процестерге заманауи технологияларды енгізе отырып кеңейту жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды қадам болады және елдің өнеркәсіптік секторына инновацияларды енгізуді жеделдетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.