Ғылым қорының қолдауымен күріш қабығынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісі іске қосылды.
Ғылым қоры басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбек Аймақов күріш қабығынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісінің 1-ші кезегін іске қосуға қатысты.
Өндіріс қуаты жылына 1500 тонна полифункционалды кремний көміртегі материалын құрайды.
Жобаны Ғылым қорының қолдауымен «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК іске асыруда.
Юрий Сухарников, жоба жетекшісінің айтуынша – «Күріш қауызы күріш өндірісінің қалдығы болып табылады. Күріш салмағының 20% -ын құрай отырып, күріш қауызы құрамында маңызды элементтер – көміртегі мен кремнийдің болуының арқасында жаңартылатын шикізат болып табылады. Осы материалдың табиғи артықшылықтарын пайдалана отырып, біз нәтижесінде полифункционалды кремний көміртекті нанокомпозит алатын өңдеу технологиясын әзірледік. Материал резеңке техникалық бұйымдар мен фрикциялық материалдарды толтырғыш, кремний мен ферроқорытпа алуға арналған шикізат ретінде жұмыс істейді. Оны ауыл шаруашылығында да пайдалануға болады».
Сондай-ақ, осы күні Сұлтанбек Аймақов «Инновациялар және минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу – экономиканы әртараптандырудың өзекті құрамдас бөліктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Қордың технологияларды коммерцияландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.