Ғылым және өнеркәсіп: Ғылым қорының гранты шеңберінде кен орындарын ашық игеру үшін технологиялық шешім әзірленді
Тау-кен жұмыстарын қарқындатудың жаңа әдісін әзірлеу Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымдары мен ERG сарапшыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Жоба Ғылым қорының технологияларын коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда.
Қопсыған аршу жыныстарының қуаты үлкен кен орындарын ашық игеру кезінде экскаваторлық-автомобильдік кешендерді пайдалана отырып, тау-кен жұмыстарын интенсивтендірудің инновациялық әдісін енгізу оларды әр тік еңісті қабаттың шекарасында жоғары кемерлермен жоғарыдан төмен қарай көлденең панельдермен қауіпсіз өндіру есебінен жүргізіледі, бұл инвестициялардың өтелу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңа технология терең карьерлердің тар жағдайында ені әртүрлі автосамосвалдардың өтуін қамтамасыз етеді.
Сатып алынған сынаманы дайындаудың арнайы жабдығы мен сервогидравликалық жүйе ISRM стандарты бойынша бір осьті қысу мен созылуға беріктік шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Аударылатын скиптің жобалық өнімділігін төмендетпей тау-кен массасын үлкен тереңдіктен көтерудің энергия үнемдейтін таза технологиясы бойынша халықаралық патенттер алуға екі өтінім берілді.