info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

⚜Ғылыми жобаларды коммерцияландыру мәселесі және Ғылым қорының даму стратегиясы «Connected – 2024» халықаралық конференциясының панельдік сессиясында талқыланды

«Connected – 2024: болашақтың бейнесін ой елегінен өткізу» халықаралық конференциясы аясындағы «Ғылымның жаңа моделі: негізгі векторлар мен механизмдер» панельдік сессиясында қатысушылар болашақты болжау және модельдеу, жасанды интеллект және Big Data дамуы, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы инновациялар сияқты тақырыптарды қозғады.

Панельдік сессияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқұатов, ШЫҰ технология трансфері орталығының директоры (China-SCO Technology Transfer Center) Чжао Чжунъюань, Eurasian Resources Group технология және операциялық қызмет жөніндегі бас директорының орынбасары Йохен Бербнер, Ғылым қоры басқармасының төрағасы Камиль Акатов, Назарбаев университетінің профессоры Дос Сарбасов, ғалымдар, сарапшылар және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Акатов Қордың атқарып жатқан жұмыстары және қолдау құралдары туралы ақпарат берді. Ол Ғылым қорының даму стратегиясына, технологияларды коммерцияландыру жобаларын ілгерілету, ғылым мен бизнестің интеграциясын қолдау, құзыреттерді арттыру және ұлттық деңгейде үздік тәжірибелерді тарату міндеттерін іске асыруға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, экономика өндірістік секторларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін бизнес пен ғылыми қауымдастық арасындағы тығыз өзара байланысты орнатудың қажеттілігін ерекше атап өтті.

«Ғылым мен бизнес – инновациялық әлеуетті дамытудың екі негізгі құрамдас бөлігі, және осы секторлардың тиімді ынтымақтастығы күрделі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, экономиканың өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ете алады» – деді К. Акатов.

Сессия барысында қатысушылар ғылым мен инновацияны дамытудағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, отандық ғылыми жетістіктер мен олардың коммерцияландырылуы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, Eurasian Resources Group технологиялық жобаларды басқару тәжірибесімен бөлісті.

«Connected – 2024» алаңы Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, жазушылар, жетекші әлемдік EdTech компанияларының негізін қалаушылар мен өкілдері үшін тартылыс орталығына айналды.

Ауқымды іс-шараны ұйымдастырушы – Аймақтық зерттеулер орталығы, ал негізгі серіктестердің бірі – Білім беруді тұрақты дамыту қоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.