Стартаптардың, кәсіпкерлер мен ғалымдардың назарына! Вниманию стартаперов, предпринимателей и ученых!

05.03.21
|
Новости

Технологиялық стартаптарды ынталандыру және шағын-орта бизнестің инновациялық компанияларын дамыту мақсатында "Ғылым қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) кезекті бизнес-акселерацияға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды. Бизнес-акселерация бағдарламасы шеңберінде инвестициялар тарту мақсатында қатысушылардың жобалары дайындықтан өтеді.

Бизнес акселерация бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтиды:

1. Акселерациялық кезең

1) маркетинг және нарықты талдау, қаржы және құқықтық мәселелер, бизнес-жоспарды құру бойынша тренингтер өткізу;

2) жобаның қаржылық моделін және бизнес-жоспарды жасау бойынша бизнес-тренерлердің қатысушылармен жеке жұмысы;

3) инвесторларға өз бизнес-идеясын таныстыру өнері және тартымды презентация жасау бойынша тренинг өткізу.

Акселерациялық кезең шеңберіндегі барлық іс-шаралар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтетін болады

2. Әрбір жоба бойынша инвесторды іздеу

1) инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобалардың тұсаукесерлерін өткізу (Speed Dating, Demo Day, Invest Day)

2) Бағдарламаға қатысушылардың мүдделі инвесторлармен жеке кездесулерін ұйымдастыру

Жобаларға қойылатын негізгі талаптар:

1. Жаңашылдық және өзіндік ерекшелік;

2. Инвестиция көлемі: 50 млн. теңгеден аспайды.

 

Қызығушылық танытқан жағдайда келесі сілтеме бойынша өтінім бере аласыздар https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeFuMNTqkq4nrlAPWyyqqtrzaPHndZF5WbN4pa8ZQmHU0OAuw/viewform?usp=sf_link

 

Сұрақтар туындаған жағдайда 87777567744 нөмірі бойынша хабарласа аласыз (Дана Есмұханова – Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің менеджері)

 Біз сіздердің айрықша идеяларыңызды күтеміз!

 

С целью стимулирования технологических стартапов и развития инновационных компаний малого и среднего бизнеса, АО «Фонд науки» (далее – Фонд) в очередной раз объявляет набор заявок на бизнес-акселерацию. В рамках Программы бизнес-акселерации проводится подготовка проектов участников для последующего привлечения инвестиций.

Программа бизнес акселерации включает в себя следующие этапы:

1. Акселерационный этап

1) Проведение тренингов по маркетингу и анализу рынка, финансовым и правовым вопросам, составлениию бизнес-плана;

2) Индивидуальная работа бизнес-тренеров с участниками по составлению финансовой модели проекта и бизнес-плана;

3) Провести тренинг по искусству представления инвесторам своей бизнес-идеи и созданию привлекательной презентации.

Все мероприятия в рамках акселерационного этапа будут проходить в онлайн формате посредством платформы ZOOM

2. Поиск и привлечение инвестора по каждому проекту

1) Проведение презентаций проектов перед инвесторами и бизнес-ангелами (Speed Dating, Demo Day, Invest Day)

2) Организация индивидуальных встреч участников Программы с заинтересованными инвесторами

 

Основные требования к проектам:

  1. Новизна и оригинальность;
  2. Объем инвестиций: не более 50млн. тг.

 

В случае заинтересованности вы можете подать заявку по следующей ссылке https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeFuMNTqkq4nrlAPWyyqqtrzaPHndZF5WbN4pa8ZQmHU0OAuw/viewform?usp=sf_link

 

При возникновении вопросов можете связаться по номеру: 87777567744 (Дана Есмуханова – менеджер Департамента инвестиций и новых проектов)

 

Ждем Ваши оригинальные идеи!


Обратная связь