«Ғалымдар алаңында» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің (ҒҒТҚН) нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін жетілдіруге арналған кезекті онлайн-пікірталас өткізді.

30.09.20
|
Новости

«Ғалымдар алаңы» онлайн алаңда ғылымды коммерциаландыруды талқылады

30 қыркүйекте «Ғылым қоры» АҚ Facebook желісіндегі өзінің парақшасында Zoom-конференция форматымен «Ғалымдар алаңында» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің (ҒҒТҚН) нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін жетілдіруге арналған кезекті онлайн-пікірталас өткізді.

Тікелей эфирде ғалымдар мен сарапшылар, даму институттарының өкілдері мен инвесторлар ғылым және бизнестің мемлекетпен бірлесіп жұмыстар жүргізу механизмдерін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру - бұл қызметтің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн, яғни Ғылым қоры ғалымдарға өз әзірлемелерін өндіріске енгізуге және оларды одан әрі нарыққа шығаруға көмектеседі. Сонымен, Ғылым қоры қазақстандық ғалымдардың 157 жобасын қаржыландырды.

Осы 157 жоба шеңберінде құны 5,3 миллиард теңгенің өнімі мен қызметі сатылды, 1200-ден астам жұмыс орны құрылды, авторлық сыйақы мөлшері немесе ғалымдарға дамуға төленген төлемдер 190 миллион теңгеге жетті. Қызметтер мен өнімдер 130 миллион теңгеден астам сомаға шетелге экспортталды.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов инвестицияларды 1% көлемінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындаудағы ашықтықтың жоқтығына назар аударды. Ғалымның пайымдауы бойынша, бұл ереже 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілген, бірақ айтарлықтай нәтиже берген жоқ және заңнамалық деңгейде қайта қарауды қажет етеді.

Әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының мүшесі Талғат Доскенов коммерцияландырудың тәсілдері мен үдерістерін, ғылыми әзірлемелерді енгізу тиімділігі мен шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыру бойынша шаралар туралы институционалды сипаттағы ұсыныстар жиынтығын ұсынды.

Гранттық қаржыландыру бағдарламасын жетілдіру бойынша Ғылым қорының ұсыныстары мен көзқарастарын «Ғылым қоры» АҚ жобалық дирекциясының жетекшісі Құрманғазы Омаров ұсынды.

Дулат Шарифқанов түйе етін қайта өңдеу және ет және ет-көкөніс консервілері өндірісінің технологияларын енгізу жобасының ғылыми жетекшісі ретінде аудитория назарын ҚҚС тұрғысынан салық заңнамасын түзету мәселелеріне аударды.

QazTechVentures Төрағасының орынбасары Медет Дүйсембаев бизнес-инкубаторларды қолдау құралдарын қолдану қажеттілігі және қазақстандық серіктестермен жұмыс тәжірибесі туралы айтты.

Сондай-ақ, «НИХ Zerde» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев, «Инжиринг және технологиялық трансферт орталығы» АҚ басшысы Ильяс Оспанов, коммерцияландыру бойынша кәсіпқойлар Альянсының жетекшісі Әбділда Шаменов ғылымды коммерцияландыру үдерістерін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Онлайн-дөңгелек үстел барысында айтылған барлық ұсыныстар мен шаралар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарастыру және тиісті шешімдер қабылдау үшін жіберіледі.

Коммерциализация науки - тема обсуждения на онлайн площадке «Ғалымдар алаңы»

30 сентября АО «Фонд науки» на своей страничке в сети Facebook провел очередное онлайн обсуждение в формате Zoom-конференции на площадке «Ғалымдар алаңы», посвященное совершенствованию системы коммерциализации результатов научной и научно-технической деятельности.

В прямом эфире ученые, эксперты, представители институтов развития и инвесторы, обсудили актуальные вопросы, связанные с улучшением механизмов взаимодействия государства, науки и бизнеса во время трансляции.

Необходимо отметить, что коммерциализация научных разработок является одним из основных направлений деятельности, то есть Фонд науки помогает ученым во внедрении их разработок в производство и дальнейшем выведении их на рынок.

Так, Фондом науки обеспечено сопровождение 157 проектов казахстанских ученых. В рамках этих проектов продано продукции и услуг на сумму 5,3 млрд. тенге, создано свыше 1200 рабочих мест, размер роялти, или выплат ученым за разработки, достиг 190 млн. тенге. Экспортировано услуг и продукции на сумму свыше 130 млн. тенге.

Мурат Журинов, президент Национальной академии наук, обратил внимание на непрозрачность исполнения обязательств недропользователей по финансированию научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в размере 1 % от инвестиций. По мнению ученого, данная норма действует с 2015 года, однако не принесла существенных результатов и требует пересмотра на законодательном уровне.

Талгат Доскенов, председатель комитета социальной политики, член Президиума НПП РК «Атамекен» представил комплекс предложений институционального характера по изменению подходов и процессов коммерциализации, мер по повышению эффективности внедрения научных разработок и скорости принятия решений.

Предложения и видения Фонда науки по улучшению программы грантового финансирования, представил Курмангазы Омаров, глава проектной дирекции АО «Фонд науки».

Дулат Шарифканов, в качестве научного руководителя проекта по внедрению технологий переработки верблюжьего мяса и производству мясных и мясорастительных консервов, обратил внимание аудитории на вопросы корректировки налогового законодательства в части НДС.

О необходимости применения инструментов поддержки бизнес-инкубаторов и опыте работы с казахстанскими партнерами рассказал заместитель председателя QazTechVentures Медет Дюсембаев.

Свои предожения по совершенствованию процессов коммерциализации науки также представили Павел Коктышев, заместитель председателя правления АО «НИХ Зерде», Ильяс Оспанов, руководитель АО «Центр инжиниринга и трансферта технлогий», Абдильда Шаменов, глава Альянса профессионалов по коммерциализации.

Все предложения и меры, высказанные в ходе онлайн круглого стола, будут направлены в Министерство образования и науки РК для рассмотрения и принятия соответствующих решений.

https://www.facebook.com/watch/live/?v=632698884086835&ref=watch_permalink


Обратная связь