Ет және ет араласқан жарма консервілерін өндеу үшін түйе етін қайта өңдейтін ресурсты үнемдейтін технологияларын енгізу мақсатындағы жобаның салтанатты ашылуы

12.04.19
|
Жаңалықтар

2019 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында «Күн Нұры» ЖШС негізінде Ет және ет араласқан жарма консервілерін өндеу үшін түйе етін қайта өңдейтін ресурсты үнемдейтін технологияларын енгізу мақсатындағы жобаның салтанаттыашылуы.

Цехтың жылдық өнімділігі 600 000 дана консерві.

Түйе етінің негізінде дайындалған консервілер «Халал» санатына жататын табиғи, биологиялық таза өнімдер болып табылады. Барлық өндірілетін өнімдер тізбегі «Халал», ISO-22000 стандарттарына сәйкес жасалады.

 

Консервілеудің заманауи технологиялық процестерін қолдану есебінен соңғы өнім пайдалы қасиеттерге және жақсартылған дәмдік қасиеттерге ие болады.

Іс-шара шеңберінде жобаның презентациясы өткізіліп, түпкілікті өнімдерді нарыққа қолдау және енгізу жолдары талқыланды.


Кері байланыс