Биогумус пен биопрепараттарды өндіруге арналған инновациялық биотехнологиялық кешен құру әрі оларды кейіннен пайдаланып, ашық және жабық топырақтарда экологиялық таза өнім алу мақсатындағы жо

11.04.19
|
Жаңалықтар

2019 жылғы 11 сәуірде Алматы облысының Бөлек ауылында «Биогумус пен биопрепараттарды өндіруге арналған инновациялық биотехнологиялық кешен құру әрі оларды кейіннен пайдаланып, ашық және жабық топырақтарда экологиялық таза өнім алу мақсатындағы жобаның салтанатты ашылуы өтті.

Жоба аясында, Алматы облысының жағдайына бейімделген қалдықтарды кәдеге жарату және құрамы бойынша теңдестірілген органикалық биотұқымдарды «Биогумус және Компост» ауыл  технологиялары әзірленді. Ол барлық сынақтар мен сараптамаларға төтеп бере отырып, экологиялық таза органикалық тыңайтқыш ретінде көтерме және бөлшек сауда желісінде сатуға және жердің құнарлылығын қалпына келтіруге, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға тікелей қолдануға арналған.

Жоғарыда аталған өнімнің артықшылығы: биогумус, компост және сұйық биогумус негізінде өсірілген өнім «экологиялық таза өнім» стандартына сәйкес келеді


Кері байланыс