«QORG’AY’» рұқсатсыз кіруден қорғау құрылғысы өндірісінің салтанатты ашылуы

05.04.19
|
Жаңалықтар

2019 жыл 5 сәуірде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «QORG’AY’»  рұқсатсыз кіруден қорғау құрылғысы өндірісінің  салтанатты ашылуы өтті.

«QORG’AY’»   дербес компьютерлерде сақталған ақпараттарға рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын отандық өнім. Өндірісті ұйымдастыру - құпия ақпаратты қорғау және қауіпсіздіктің  отандық құралдарын дамытуға бағытталған кішігірім қадамдардың бірі, сонымен қатар мұндай құрылғылардың меншікті өндірісі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді кеңейтеді. «QORG’AY’»   импортты алмастыратын өнім болып табылады.

Үнемі бағдарламалық қамтаманы жаңарту құрылғыға бірнеше өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ол қол жеткізу қауіпсіздігі мен ақпаратты сақтау саласында пайдаланудың икемділігі мен кең қолдануға мүмкіндік береді.

Қолданудың икемділігін ескере отырып, клиент қалауы бойынша  өзгертулер енгізу мүмкіндігі бар.

«QORG’AY’»   құрылғысын әзірлеу «Ғылым қоры»  АҚ – нан ғылыми және ғылыми – техникалық нәтижелерді коммерциализациялау гранты бойынша және        «Точприбор» ЖШС – мен бірлесіп Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде жүзеге асырылды.


Кері байланыс