Қант қызылшасының отандық будандарының жоғары сапалы тұқымын өндіру технологиясы» жобасы бойынша салынған қант қызылшасының тұқымын өндіретін линияның (цехтың) тұсаукесері

19.08.19
|
Жаңалықтар

2019 жылы 15 тамыздағылым жетістіктерін коммерциялауға бағытталған «Қант қызылшасының отандық будандарының жоғары сапалы тұқымын өндіру технологиясы» жобасы бойынша салынған қант қызылшасының тұқымын өндіретін линияның (цехтың) тұсаукесері болды және осы жоба аясында алынған жаңа жетістіктер көрсетілді.

Аталған тұсаукесер осы жобаның орындаушысы болып табылатын Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттың 85-жылдық мерейтойына арналған«Егіншілік пен өсімдік шаруашылығының жетістіктері мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында өтті.

Іс-шараға шет елдік және отандық аграрлық саладағы ғалымдар, еліміздегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың мамандары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері және агро-компаниялардың өкілдері қатысты.

 

Конференцияда барысында ауылшаруашылық ғылымын және заманауи агротехнологияны дамытумәселелері, мемлекеттік сектордың бизнес құрылымымен өзара байланысы және ауылшаруашылық ғылымында жаңа әзірлемелерді ауылшаруашылық өндірісінде қолдану мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ шаруашылық басшылары мен фермерлерге дәл егіншілік, ноу-тил (No-Till), суғарудың әр түрлі жолдары, егіс дақыладарының жаңа сорттары мен будандары, сондай-ақ егіншілерге арналған жаңа ауыл шаруашылық техника көрсетілді.


Кері байланыс