Табиғи суқоймаларды көксерке балығымен балықтандыру үшін оларды жасанды жолмен көбейту, өсіру және сату

17.05.19
|
Жаңалықтар

Бүгінгі таңда Қазақстанда көксерке балығының отырғызу материалдарын өсіретін ұйымдар жоқ. Ағымдағы жылдың 15 мамырында "Қамыстыбас балық өсіру питомнигі" РМҚК базасында көксерке шабақтарын жасанды өсіру бойынша өндірістік учаскенің салтанатты ашылу іс шарасы өтеді.

Жоба жетекшісі Тынысбек Барақбаев әлемдік нарықта көксерке сүбесіне (филе) деген сұраныстың артуы отандық кәсіпкерлердің табиғи су айдындарында осы балық қорын сақтау мен көбейтуге, сондай-ақ оны Республиканың балық өсіру кәсіпорындарында тұқым алу мен өсіруге деген қызығушылығының артуына себепші болатынын атап өтті. Осыған байланысты көксеркенің гендік қорын сақтау, сыртқы және ішкі нарықтарға сұранысты қанағаттандыру үшін оны тұқым алу және өсіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу ҚР балық шаруашылығын дамытудың өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

"Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы "ЖШС" Қамышлыбаш балық питомнигі " РМҚК базасында балық өсіру учаскесін ұйымдастыру жұмыстарын бастады, ол келешекте балық саласының қажеттілігі үшін көксерке балықтарын отырғызу материалын өсіруге және осы тәжірибені Қазақстанда тираждауға маманданған кәсіпорын ретінде жұмыс істейді.

Жобаны іске асыру кезеңінде (2017-2020 ж. ж.) көксерке шабақтарының саны 30000 данадан 120000 данаға дейін өседі. Жобадан кейінгі кезеңде көксерке шабақтарының саны жылына 240 000 данаға дейін артады деп күтілуде.

Кейінгі жылдары осындай шаруашылықтар Қазақстанның басқа өңірлерінде құрылатын болады.

Ұсынылып отырған көксерке шабақтарын өсіру және молайту технологиясы Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындарында қолдану үшін инновациялық және бірегей болып табылады.

Қазақстанның аквакультура жағдайында көксерке тауарлы өнімін өсіру ішкі нарықты сапалы диеталық балық өнімімен молайтуға ықпал етеді, Қазақстанның көксерке еті бойынша таяу және алыс шетелдерге экспорттық әлеуеті артады.


Кері байланыс