ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің мүшелерімен «ҒҒТҚН коммерциялан

15.02.19
|
Жаңалықтар

2019 жылы 13 ақпанда «Ғылым қоры» АҚ негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеті мен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеті «Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) гранттық қаржыландыру аясында өз әзірлемелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ғалымдармен және кәсіпкерлермен танысу кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын іске асыру нәтижелері талқыланды.

Кездесуге Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Б. С. Әйтімова, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы А. А. Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Білім және ғылым Вице- министрі Ешенкулов Т.И., «Ғылым комитеті» ММ Төрағасы Нурсеитов Р.С., «Ғылым қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша жобаларды іске асыратын ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде Ғылым Қоры қолдайтын ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыру нәтижелері ұсынылды. 2016 жылдан бастап Ғылым қоры ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды гранттық қаржыландырудың 3 конкурсын өткізді, оның нәтижесі бойынша 153 жоба іске асырылуда. Бұл ретте 134 жоба бірлесіп қаржыландырылуда  (қаржыландырудың жалпы сомасының 14,5% - ы). Қазіргі уақытта, іске асырылып жатқан жобалардың 23-і өндіріс кезеңіне шықты, бұл ретте өнім мен қызметтерді сатудан түскен табыс 852 млн.теңгеден астам соманы құрады.

Кездесуде сенатор Б. С. Әйтімова ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы атап өтті.

 

Депутат А. А. Бейсенбаев ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және жас ғалымдардың жобаларын белсенді қолдау бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда  бизнес-ғылым-мемлекет деген жақсы платформа құрылды, ол отандық әзірлеушілерге өз өнімімен экспортқа шығуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде жас ғалымдардың жобаларына, оның ішінде жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру жөніндегі жобаларына үлкен көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, осы бағытта Ғылым қоры Британ Кеңесімен бірлесіп жыл сайынғы негізде ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттілікті арттыруға бағытталған жас ғалымдар үшін Fame Lab байқауын өткізеді. Өткен жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын жастарды ғылымға тартуға бағытталған бірегей іс – шара - Ғылым фестивальі ұйымдастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша 2015 жылы қабылданған «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң ғылым мен бизнес алдында жаңа белестерді ашатыны атап өтілді. Бүгінгі таңда мемлекетте ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жүйесі қалыптасты, ол жақсы нәтижелерді көрсетеді және  болашақта білім экономикасын қалыптастыруға оң әсер етеді. 


Кері байланыс