Қарағанды облысында «SAS CR-800» битум модификаторын өндіру бойынша желілер іске қосылады

16.06.18
|
Жаңалықтар

13 маусым сағат 11:00 Теміртау қ. «Asphalt technology» ЖШС кәсіпорын базасында «SAS CR-800» битум модификаторын өндіру бойынша желі іске қосылады.

«Резиналы және полимерлі құраушы модификаторлар негізінде битумды өндіру және модификациялау бойынша  кешенді» құру бойынша жоба Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ ұсынылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылады.

Берілген жоба асфальт-бетонның термотұрақтылығын арттыру, сонымен қатар битумды үнемдеу мәселелерін, тозған резиналы техникалық бұйымдарды кәдеге жарату, сонымен қатар жол құрылысында модификатор ретінде резина ұнтағын пайдалану негізінде онымен байланысты қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық мәселелерін шешеді.

 

 


Кері байланыс