Ғылым қорында Президентінің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

29.11.18
|
Жаңалықтар

2018 жылдың 8 қазанында Ғылым қорында Президенттің Қазақстан халқына  «Қазақстандық әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жариялаған жолдауының негізгі мәселелерін талқылау бойынша мәжіліс өткізілді. Қордың Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин өз сөзінде  «Елбасы жолдауы логикалық тұрғыдан «Қазақстан-2050» және басқа да бағдарламалық құжаттарға сәйкес келетін бағдарламалық құжат екенін атап көрсетті. Қазіргі таңда ерекше көзқарас технологиялардың дамуына бөлінетінін және ол кезегінде қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасын арттыруға әкелетінін» жариялады.

          Агроөндіріс кешенінің дамуы, экспортқа қарай бағытты бұру, экономиканың инновациялық және сервистік дамуы- Қазақстанның өсуіндегі негізгі арқау болып табылады. Қазақстан Президенті тек мақсаттарды ғана қоймай, сонымен қатар негізгі міндеттерді де айқындап оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтады, сондай-ақ жаңа технологияларды ендіруге негіз болатын дамудың жаңа сапасына көшудің ерекшелігін атап өтті.  Ә.Сұлтанғанзин жолдаудың көптеген идеялары Қордың негізгі қызметімен тығыз байланысты, яғни нақты экономика секторында отандық ғалымдардың еңбектерінің нәтижелерін ендіруге бағытталған жобаларды қолдау Президенттің сөзінде де айтылғанын атап көрсетті. Қазіргі таңда Ғылым қорымен қолдау тауып отырған жобалар сериялық өндірістердің дайындамаларын жүзеге асыруда жоғары әлеуетке ие және  жоғары қосымша құнына ие экспортқа бағытталған өндірістерді қалыптастыруға бағытталған.

          Ғылым қоры алдағы уақытта да Елбасы қойып отырған мақсаттар мен міндеттерге сай өз жұмыстарын әрі қарай жүргізуге ынталы екендігін сөз етті.


Кері байланыс