Серпінді субстанциялар

04.02.19
|
Жаңалықтар

Қарағандылық фармацевттер әлемдік деңгейге шығуда. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингі республикада алғашқылардың бірі болып жабыны бар таблеткалар шығаруды бастады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ғылым қоры 105 миллион теңге бөлді.

«Түпнұсқалық препараттардың субстанцияларын жалған күйдіріп кептіру және таблеткаларды қабықпен жабу» деп естуге ыңғайлы емес атауы бар учаске негізінде қазақстандық фармацевтикада революциялық жағдайға айналды. Республикада алғаш рет қолдану кезінде ыңғайсыз болып келетін қарапайым  ащы таблеткалар емес, тегіс қабығы бар таблеткалар шығарылады.
Мұндай препаратты өндіру үшін Қарағанды фармацевттеріне ең алдымен қаражат қажет болды. Және аз емес. Алдымен Германияда табылған жабдықты сатып алу керек болды. «Фитохимия» институтының ғалымдары айтқандай - бұл біздің еліміздегі бірегей неміс машинасы. Мұндай машина  қазақстандық бірде-бір фармацевтикалық кәсіпорындарында жоқ. 
Бірақ жабдықтан басқа идеялар мен жобалар да қажет болды. Бұл жерде өзін қарағандылық ғалымдар өздерін толық көрсете білді.
- Жоба Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының 64-ші қадамында көрсетілген ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру аясында ойластырылған. 2016 жылы қарағандылық ғалымдар аталмыш жобаны жеңіп, Ғылым қоры 100 млн теңге бөлген болатын. Препаратты бірден «Арглабин нативный» жұмыс атауымен тіркеген. Қазіргі уақытта ол клиникалық сынақтан өтуде. Дегенмен, қазірдің өзінде осы иммуномодуляторды шетелдік аналогтардан еш кем емес деп айтуға болады. Оның үстіне, оның артықшылығы - оның құны импорттық дәрі - дәрмектерге қарағанда әлдеқайда арзан, - деді "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.
Ол сондай-ақ, соңғы үш жыл ішінде Ғылым қоры үш конкурс өткізіп, оған 150-ден астам жоба қатысқанын атап кетті. "Арглабин нативный" қор іске қосқан 18-ші жоба болып табылады. Бірақ фармацевтика саласында-ол алғашқы жүргізуші болып табылады.
Учаскенің  тұсаукесеріне Ануарбек Сұлтанғазинмен бірге облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров, Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев, сондай-ақ «Фитохимия» ҒӨХмен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою үшін келген "Youdim Pharmaceuticals" (Израиль) компаниясының президенті Муса Юдим, израильдік бизнес-инкубаторының директоры Клара Орэн қатысты.
«Фитохимия» холдингінің бас директоры Серғазы Әдекенов айтқандай тұсаукесерге келген израильдық фармацевттер мен бизнесмендер қарағандылықтармен ынтымақтасуға өте мүдделі. Болашақта олар мұнда дәрілік субстанцияны алып келуді, оны қабықшамен жабуды, Қазақстанда тіркеуді және халықаралық нарықта ілгерілетуді көздеп отыр. Осылайша, неміс фармацевтикасымен қатар әлемдегі ең үздіктерді бірі болып саналатын израильдық фармацевтика біздің елімізде негізделетін болады.
Алайда біздің дәрі-дәрмектеріміз шетелдік аналогтардан кем емес, дейді Серғазы Адекенов.
- Бүгінде Қарағандыда 17 кәсіпорынды біріктіретін фармацевтикалық кластер табысты жұмыс істеуде. Кластердің басты критерийлерінің бірі инновациялық технологияларды енгізу болып табылады, мысалы, қазақстандық бірегей заттардың қабығын қолдану. Қабығы бар препараттарды біз қарапайым себеппен шығара бастадық - әдеттегі дәрі-дәрмектер ащы болып келеді. Ал қабығы бар дәрі-дәрмектерде бұл сезілмейді және оларды пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Екінші жағынан мұндай дәрілік түрді пайдалану препараттың биожетімділігін арттырады, яғни дәрілік заттың мақсатты әсеріне ықпал етеді. Бұл дегеніміз, препарат бүкіл ағзаға емес, ауру органға ғана әсер етеді, - дейді Серғазы Адекенов.
Ол сондай-ақ ноу-хаудың арқасында отандық дәрі-дәрмектер үш есе арзандайтынын хабарлады. Бұдан басқа, «Фитохимия» холдингі қабығы бар препараттарды дайындау бойынша тағы да бірнеше машина сатып алуға ниетті. Ал тек арглабинді шығару басқа препараттар туралы айтпағанда, екі миллионнан бес миллионға дейін таблеткаларды ұлғайтуды көздеп отыр. Себебі, қазірдің өзінде алты елде қазақстандық фармацевтикаға деген сұраныс бар, бірақ «Фитохимия»  холдингі болашақта қарағандылық дәрі-дәрмек жеткізілетін мемлекеттердің санын арттыруға ниетті болып отыр.


Кері байланыс