Ғылым қоры мен Сколково қоры басшыларының кездесуінде коммерциаландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

04.02.19
|
Жаңалықтар

2019 жылғы 1 ақпанда «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы А. Ж. Сұлтанғазин мен «Сколково» қорының төрағасы А. В. Дворковичтің кездесуі өтті, оның барысында перспективалық технологиялық әзірлемелерді коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Технологияларды коммерцияландыру бойынша жобаларды қолдау шеңберінде стартап компанияларды қолдау, оларға Қазақстан мен Ресей нарықтарына шығу бойынша жәрдем көрсету, сондай-ақ жобаларды одан әрі дамыту және маштабтау үшін әлеуетті инвесторларды тарту бағытындағы жұмысты жандандыру ұсынылды.


Кері байланыс