ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІ

24.09.20
|
Жаңалықтар

2020 ж. 1-4 ҚАЗАНЫНДА CENTRAL ASIA NOBEL FEST LIVE АТТЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕТІН БОЛАДЫ.

 

Мыңдаған студенттер, ғалымдар, ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, сондай-ақ қалағандардың барлығы Central Asia Nobel Fest Live фестивалінде ақысыз қатысып, әлемнің көрнекті ғалымдары және экономика, химия, физика, медицина және бейбітшілік номинациялары бойынша Нобель сыйлығы лауреаттарының сөз сөйлеуін көріп, ғылым мен техника салаларының өзекті жаңалықтарын біле алады. Жобаның басты миссиясы - ғылымды дамытудың және планетаның ең жақсы ақыл-ойымен тәжірибе алмасудың аймақтық платформасын құру.

Онлайн-фестивальдің басты тақырыбы - «Шексіз ғылым: әлем қайда бара жатыр?», ал расталған спикерлерінің қатарында 7 Нобель сыйлығының, 3 Breakthrough Prize сыйлығының лауреаттары, және оннан астам әлемдік деңгейдегі ғалымдар бар. Қатысушылардың бәрі адами капиталдың болашағы, әлемді өзгертіп жатқан технологиялар, медицина мен ғылымның жаңа қырлары, экономика мен тұрақты даму сияқты 4 негізгі салада жұмыс істейтін танымал ғалымдардың қатысуымен өткізілетін 30-дан астам пікірсайыстарды және 10 жеке әңгімелер мен сұхбаттарды көре алатын болады. Сонымен бірге, ғылыми фестивальдің онлайн эфирі бір уақытта үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтетін болады.

Қатысу үшін осы сайтта:https://nobel-fest.inpolicy.net/ 2020 жылдың 25 қыркүйегіне дейін тіркелу керек. Іс-шараға әлемнің 20 елінен, 92 қаласынан және 104 университетінен 1500-ден астам қатысушылар тіркелді.

Ұйымдастырушылар Орталық Азия мен Кавказдағы барлық университеттерді, бизнес өкілдерін, халықаралық ұйымдарды серіктестікке шақырады және ұйымның виртуалды көрсетілімі, брендинг, жобаларды арнайы сессияларда алға жылжыту, спикерлер ретінде сөйлеу, сондай-ақ көптеген басқа артықшылықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін ұсынуға дайын.

Аталған бейкоммерциялық жоба Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, АХҚО-ның Үздіксіз кәсіби даму бюросы, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, Forbes Kazakhstan және басқа да ұйымдардың қолдауына ие болды.

            Инстаграмдағы соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмаңыз: https://www.instagram.com/nobel_fest/

 

Байланасатын тұлға:

Жадыра Алтынбаева

Халықаралық жобалар үйлестірушісі

Инклюзивті Даму Қоры

nobelfest@inpolicy.net

+7 708 762 1339


Кері байланыс