«Ғылым қоры» АҚ мен «Сколково» Қоры арасындағы ынтымақтастықтың болжамдары талқыланды.

19.06.18
|
Жаңалықтар

2018 жылдың 19 маусымында «Ғылым қоры» АҚ –да «Сколково» қорының өңірлік даму департаментінің басшысы А.А. Окуньев пен және Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы В.Л. Нефедов пен кездесу өткізілді.

 Кездесу барысында Ғылым қорының Басқарма Төрағасы Ә Сұлтанғазин негізгі қызмет түрлері, сондай-ақ Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылатын жобалардың негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

Аймақтық даму департаментінің басшысы А.А. Окунев «Сколково» қорының атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары және Ғылым қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Кездесудің нәтижесінде коммерцияландыру жобаларын қолдау және оларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының нарығына шығаруға бағытталған бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.


Кері байланыс